12 Желт 2020
Страницы КГУ "СШ им.Гагарина"

Қамқоршылық кеңес

«Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

ХАТТАМА № 1

Қарғыба ауылы.                                                                        

«28» тамыз 2020 жыл.                                                                                                              

Қамқоршылық  кеңесінің  жиналысы

Төрағасының аты-жөні: Бапсалова Меруерт

Хатшының аты-жөні: Оразғалиева Анар

Қатысқандар: 22

Күн тәртібінде:

  1. Пандемия кезінде бастауыш сынып оқушыларының штаттық режимде оқуы және 5-11 сыныптардың қашықтықтан оқуы туралы.
  2. Жыл көлеміндегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасыларға берілген көмектер туралы.

Тыңдалды:

  Бапсалова Меруерт – қамқоршылық кеңесінің төрайымы. Өткен оқу жылының төртінші тоқсанынан бастап , пандемияға байланысты оқушылар қашықтықтан оқытылды. Мектеп балансынан мектеп бітіруші түлектерге 5 ноудбуг және әлеуметтік жағынан аз қамтылған оқушыларға 5 роутер берілді. Сонымен қатар тұрмысы төмен отбасыларға мектеп бітіріп кеткен түлектердің ұйымдастыруымен дайындалған әлеуметтік пакеттер  мен маскалар   таратылды.

Шаянбаев  Айдын – қамқоршылық кеңесінің мүшесі. . Қазіргі жағдайға байланысты бастауыш сынып оқушыларының штаттық режимде оқуы және 5-11 сыныптардың қашықтықтан оқуына барлық ата-аналардың келісімі алынып, санитарлық талаптарды сақтау туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Мектептен биылғы оқу жылында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 63 және көп балалы 51 бала міндетті оқу қорынан оқушы формасымен қамтылды. 

Қаулы :

1.         Пандемия кезінде бастауыш сынып оқушыларының штаттық режимде оқуы  кезінде санитарлық талаптарды сақтауын қадағалау қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне тапсырылсын.

2.       Алдағы уақытта ұйымдастырылатын  әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасыларға берілген көмектер бақылауда ұсталсын.

 

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы:                                                                                     Бапсалова Меруерт

Хатшы:                                                                                                                                             Оразғалиева Анар

Жаңалықтар
Пайдалы ақпараттық ресурстар